Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Барлық экспонаттар
Жүктелуде

Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз

Палеонтология

Тасқа айналған балық құйрықтары

Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 23089

Мерзімделуі
мезазой эрасы
Материалы
тас, тасқа айналған табиғи қалдық
Өлшемі
7,5 х 4,5 см; 3 х 2,5 см; 3 х 2,6 см; 2,5 х 2 см
Табылған орны
Шөлқара үстірті, 2024 жыл

Балықтың құйрығы жұмсақ немесе шеміршекті, жұқа сүйекті мүшелердің тасқа айналып, бүгінгі күнге жетуі - өте сирек құбылыс. Балық тіршілігін жойған кезде Шөлқара түбіндегі оттегісіз, тығыз мақта тәрізді борлы лайға көміліп, миллиондаған жылдар бойы қысым астында жатқан. Уақыт өте келе балықтың органикасы ыдырап, оны дәл сондай пішінді нақты ізі бор тасқа мөр сияқты басылып, қатып қалған.