Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Барлық экспонаттар
Жүктелуде

Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз

Этнография

Саба сүйектелген тұғырымен

Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 22096

Мерзімделуі
2021 ж.
Материалы
ағаш, сүйек, күміс
Техникасы
илеу, пішу, ыстау, тігу
Өлшемі
Сабаның биіктігі - 90 см, ені - 65 см. Тұғырының көлемі - 65 х 67 см, биіктігі - 42 см
Қолданылуы
Батыс Қазақстан, Атырау облысы, Атырау қаласы

Сүт өнімдерін ашытуға және сақтауға арналған, теріден жасалатын көлемді ыдыс. Саба мал терісінен өңделіп жасалған. Ағаштан жасалған саба піспегі мен сабааяғын сүйектеп, бетіне түрлі өрнектермен оймыштап сәндеген. Сабааяғы қарағай ағашынан төртбұрышты пішінде жасалған.