Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Барлық экспонаттар
Жүктелуде

Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз

Қару-жарақ

ППШ автоматы №Е-А5369

Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 1897

Мерзімделуі
1940 -1941жж.
Материалы
металл, ағаш
Техникасы
зауыттық өндіріс
Өлшемі
84,3 см

ППШ (Шпагин пистолет-пулеметі) – кеңестік қару-жарақ конструкторы Георгий Семёнович Шпагин құрастырған автомат. 1940 жылы жасалған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен пайдаланылған. Автомат – 7,62 мм калибрлі. Иыққа тіреп атуға ыңғайлы ағаш дүмі бар. Дүмі ағаштан, ал оқпаны және басқа негізгі бөлшектері металдан жасалған. Дөңгелек пішінді оқ салатын дискісі бар.