Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз
Тудың ұштығы ХVІІІ ғ
Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 13832
- Мерзімделуі
- ХVІІІ ғасыр
- Материалы
- металл
- Техникасы
- қалыптау, бедерлеу
- Өлшемі
- ені 9 см, биіктігі 15 см
Тудың ұштығы. Ұштықтың ортасында «Алла Мұһамед Али ғаләйссалам» деген, ал айналасында «Дұрут» (салауат) жазуы жазылған. Бұл зат «ши-а» (шейіт) ағымының символы. Ортадағы үлкен әріптер Алла, Мұхаммад Али. Түбірден жоғары қарай: Имам Хусейін Карбалада (Ирактың шөлінде) шахи болды. Имам Али деген сөз бар. Одан әрі қарай Али, Мұһаммад Мустафа, Имам Али әл Мұртаза, Имам Хасан бин Али. Екінші жағында «ши-а»-лардың атақты 12 имамдарының есімдері шығып тұр. Бұлар:.
Имам Хасан әл-Аскари.
Имам Мұхаммед әл-Мәһди.
Имам Жафар әс-Садық.
Имам Мұса әл-Казим.
Имам Әли әр-Рида.
Имам Әли ибн Әбу Тәліб.
Имам Хасан ибн Әли.
Имам Хұсейн ибн Әли.
Имам Әли Зейн әл- Аби дин ибн Хұсейн.
Имам Мухаммад әл-Бақир.
Имам Әли әр-Рида.
Имам Мұхаммед-Жауад.
Тудың ұштығын Атыраулық өлкетанушы В.К.Афанасьев 2000 жылы Маңғыстау облысындағы «Шопан Ата» жер асты мешітіне барған кезінде тауып тапсырған.