Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Барлық экспонаттар
Жүктелуде

Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз

Тарих

Сот билерінің өңірбелгісі 1869 ж

Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 11849

Мерзімделуі
ХIХ ғасыр 1869 жыл
Материалы
металл (латун)
Техникасы
қалыптау, бедерлеу
Өлшемі
диаметрі 6х4,7 см

Ресей империясы кезеңінде сот қызметін атқарған, халық арасындағы даулар мен құқықтық мәселелерді қарауға қатысқан билерге берілген лауазымдық айырым белгісі. Алдыңғы бетінде Ресей империясының мемлекеттік елтаңбасы (мемлекеттік рәміздері бар қос басты бүркіт) бедерлі түрде бейнеленген. Айналасында шеңбер бойымен «СУДЕБНЫЙ БIИ» деген жазу бар. Артқы бетінің ортасында император тәжі астында II Александрдың «А II» вензелі бейнеленген. Сол жағында «1869», оң жағында «ГОДА» деген жазу бар.