Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
Барлық экспонаттар
Жүктелуде

Бұру үшін сүйреңіз, жақындату үшін дөңгелекті айналдырыңыз немесе екі саусақты пайдаланыңыз

Тарих

«Ауылнай, старшынының» өңір белгісі. 1869 ж

Есептік белгісі АОТӨМ НҚ 11848

Мерзімделуі
ХIХ ғасыр 1869 жыл
Материалы
металл (латун)
Техникасы
қалыптау, бедерлеу
Өлшемі
диаметрі 5 см

Белгі Ресей империясы кезеңінде ауылдық әкімшілік басқару өкілдерінің қызметтік мәртебесін білдірген. Алдыңғы бетінде Ресей империясының мемлекеттік елтаңбасы (мемлекеттік рәміздері бар қос басты бүркіт) бедерлі түрде бейнеленген. Айналасында лауазым атауы «Аульный старшина» деген жазу бар. Артқы бетінің ортасында император тәжі астында II Александрдың «А II» вензелі бейнеленген. Сол жағында «1869», оң жағында «ГОДА» деген жазу бар.